Текст
«Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
13 қыркүйекте мектептің қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Бірінші сұрақ бойынша ҚК төрағасы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеппен және 2023-2024 оқу жылына арналған перспективалық жоспармен таныстырып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, ол ҚК жұмысының ережесін, мақсаттары мен міндеттерін жариялады. Әрі қарай, ҚК құрамы жаңартылды. Бірауыздан шешім қабылдау арқылы ҚК төрағасы болып Айбат Бабай сайланды. ҚК құрамына 7 адам кірді. ҚК отырысында мектеп формасын кию мәселесін қарастырды. Барлығы бірыңғай мектеп формасын сақтау қажеттілігімен келісті. Бұл мәселеде көмек көрсетуге бел байлады. Отырыс жағымды атмосферада, түсіністікпен өтті.