"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру

Әрқашан жоғары сынып оқушыларының алдында бір маңызды сұрақ тұрады: "Болашақта кім болу керек?" . Қазіргі таңда бұл мәселе өте маңызды мағынаға ие, өйткені еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын осы мәселе қатты ойландырады. Оған дұрыс жауап, дұрыс таңдау жасау адамның болашақ тағдырына әсер етеді. Мектепті бітірген жастар үшін дұрыс бағдарлау, мамандықтардың кең әлемінде өз орнын табу қиынға соғады. Ол өзі үшін маңызды, қоғамға қажетті және еңбек нарығының сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауы керек. Мектеп бітірген түлектерге өмірде өз орнын табуға көмектесу және кәсіби бағдар беру біздің міндетіміз. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жобасы аясында наурыз айында 7-10 сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға болашақ мамандықты таңдауға, нақты еңбек нарығының қажеттілігі жағдайында жеке өзін-өзі анықтауды ескере отырып, кәсіби мансапты ақылға қонымды жоспарлауға көмектесу.

 Мамандықты таңдау туралы қашан ойлану керек? Мамандық таңдау оңай ма? Егер адам өзіне сәйкес келмейтін мамандықты таңдаса не болады? Бұл оның өмір жолына қалай әсер етуі мүмкін? Дұрыс мамандық таңдау үшін не қажет?- деген сияқты сұрақтарға жауап іздеп, ой қозғалды. 

Проблемалық жағдай туралы ойланғаннан кейін " Неліктен көптеген жастар мамандық таңдауда қателеседі?" -деген  сауалға оқушылар ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы қателіктердің ең көп тараған себептерін атап өтті: ата-аналардың қысымы, таңдалған мамандық туралы білімнің болмауы, еліктеу, өз күштері мен қабілеттерін асыра сілтеу, т.б.

Жаңартылған күні: 09.03.2023 17:18
Құрылған күні: 09.03.2023 17:18

Текст