Қазіргі заманда экономикамызды ілгерлету, сандық технологияны дамыту, білім алушылардың кеңістікте ойлауын, цифрлық сауаттылығын дамытуға терең ден қойылуда.
Осы орайда «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры «Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың IT білімді, қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға, сандық технологияны дамытуға баса көңіл бөліп, мектебімізге арнайы робототехника кабинетін жасақтап, 10 арнайы жинақтамада роботтехникалық RED: X MAX БАК бөлшектерімен толықтыра түсті.
«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ атынан «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Жамишев Болат Бидахметовичке, «Арман Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Сатвалдинова Айнагуль Жолдыбайқызына алғыс білдіреміз!
Мектепте робототехника бағдарламасын енгізу: инженерлік – компьютерлік 3D модельдеу бойынша базалық білім алуға, білім алушыларды техникалық білім алуға ынталандыруға, жеке тұлғаның ақпараттық біліктілігінің негізін қалауға, яғни оқушыларға ақпаратты жинау әдістерін, сондай-ақ оны пайымдау тәжірибеде қолдану технологияларын меңгертуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.