Текст
Невский орта мектебі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Сол себепті еліміздегі бірден бір рухани қазына ордасы мектеп кітапханасы. Кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рұхта тәрбиеленуіне әсер етеді. Кітап оқу баланың ой өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады. Біздің мектеп оқушылары кітапханаға келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Кітап оқитын бала бүгін - табысты оқушы, ал ертең қалыптасқан тұлға! Ата-ананың балаға сыйлай алатын сыйы - олардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру болып табылады.