"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі

06.11.2017

Дарынды  оқушылармен жұмыс  жүйесі

       Қай мемлекеттің де негізгі тірегі -

білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан  елімізді көркейтетін, экономикамызды дамытатын жастар

тәрбиелеу - аса маңызды. «Қазақстан Республикасының Білім туралы» заңында  да әр баланың интеллектуалдық дамуына, жеке

адамның дарындылығын дамытуға ерекше мән беріледі. 

         Жас өркеннің бойындағы табиғат берер

ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт - бағдар

бере білу - ерекше қиын іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта

жетелеу- әр ұстаздың парызы. Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін

ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.  Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін  адамда тиісті білім жүйесі,  икемдік пен дағды болуы тиіс. Іс-әрекеттің

шығармашылықпен орындалу мүмкіншілігін 

қамтамасыз ететін  қабілеттің

жоғарғы түрі-  дарындылық.

Ал

адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты –

табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.Демек, табиғи

таланттарды ашу – ұстаздарға жүктелер міндет.

         Жеке тұлғаны  қоғам талабына сай, шығармашылық бағытта

жан-жақты дамыту, дарынды жасты даралау - бүгінгі күннің талабы. Қоғам қашан да

дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген.

         Сондықтан № 9 мектеп-гимназиясында

дарынды жастарды даралау, дамыту бағытында жүргізілетін іс-шаралар жоспары

құрылып, мектепішілік «Дарынды оқушылармен жұмыс» жүйесі қалыптасты.

Дарынды

балалармен жүргізілетін мектепішілік жұмыстың мақсаты

      Қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделетін,

өзін жеке өмірінде, болашақ кәсіптік әрекетінде таныта алатын шығармашыл

құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті дарынды , талантты жасты  даралау, дамыту.

Міндеттері

·       

әрбір оқушының рухани дамуына   ықпал жасайтын  психологиялық- педагогикалық жағдайды

ұйымдастыру жөнінде нақтылы шаралар өткізу

·       

тұлғаның жеке өзіндік ерекшелігіне, бейіні

мен қабілетіне сәйкес мүмкіндігінше 

жоғары  деңгейде сапалы білім

алуын қамтамасыз ету

·       

оқушы қажеттілігіне сәйкес пәндер бойынша

тереңдетілген бағдарламалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру

·       

оқушының өмірге, қоғамдық дамудың

өзгермелілігіне тез бейімделе  білуіне

ықпал етуіне қажетті бағыт-бағдар беру

·       

жеке тұлғаның толыққанды дамуына, өзін-өзі

танытуына жағдай жасау

·       

оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын

қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

·       

шығармашылық дарындылықтарын даралау

·       

 қоғамның, ата-ананың, оқушының  қажеттілігін қанағаттандыру

·       

мектеп түлектерін қазіргі таңда еңбек

нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

·       

оқушы еңбегін нәтижеге бағыттау, «Оқушы

жетістіктерінің  порфолиосын» жинақтауды

ұйымдастыру

·       

дарынды оқушылармен жүргізілген жұмысты

қорытындылау

 

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 404

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст