Тақырыбы: «Үш тұғырлы тіл-
жарқын болашақ»
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту
Ресурстар: Бейнефильм , плакаттар, гүлдер, шарлар.
Өту барысы
Бейнефильм көрсетіледі
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тіл, сөз дегеніміз - ата - бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл
дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін
паш ететін үлкен өнер. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз
қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса да
басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір - біріне жалғасқан.Бүгінгі «Үш тұғырлы тіл-жарқын
болашақ» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Орысша: ...............................................................................................................................................................
Ағылшынша: .......................................................................................................................................................
Ана тілім -ардақтым қасиетім,
Ана тілім -құдірет бас иетін.
Ана тілін сақтайық, көтерейік,
Ата -баба аманат өсиетін-дей келе сайысқа қатысушы топтарды таныстырып өтейін.
1-топ: .........................................
2-топ: ...........................................
3-топ: ...........................................
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
..................................................................................
Сайыс бағдарламасы 4-турдан тұрады. Атап өтетін болсам:
1-тур: «Сәлем сөздің анасы» таныстыру (3 тілде), (аты, ұраны)
2-тур: Артық болмас білгенің; сұрақтар
3-тур: «Білгенге-маржан, білмеске- арзан» мақал- мәтелдер
4-тур: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Өлеңдер сайысы (3 тілде)
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Топтарды жеңімпаздар деп жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал топтарға сәттілік тілейікші.
1-тур: “Сәлем сөздің анасы”
Өнер қуып топтар өтер деймін,
Топтардың
өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен топтар
кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін -дей келе топтар өздерін таныстырады.
Жүргізуші:
Жүргізуші: 2-тур: Артық болмас білгенің; сұрақтар
1-топ: 1.«Қазақ хрестоматиясының» авторы? (Ы.Алтынсарин)
2. Give the translation of this word «Railway» (теміржол)
3. Кому, чему? Қай падеждің сұрағы? (Дательный падеж)
2-топ: 1.«Абай жолы» авторы? (М.Әуезов)
2.Орыс алфавитінде неше әріп? (33)
3. Give the translation of this word «knowledge» (Білім)
3-топ: 1. Слово «белый» по отношению к слову «черный» (Антоним )
2.Give the translation of this word «Friend» (дос, друг)
3.Тұрмыс-салт жырлары қандай әдебиетке жатады? (ауыз әдебиеті)
Жүргізуші: 3-тур: «Білгенге-маржан, білмеске- арзан»
Әр топ 3 тілде, өздері білетін мақал-мәтелдер айтып, жарысады.
4-тур: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Өлеңдер сайысы (3 тілде)
Әр топтан үш оқушы шығып, 3 тілде
өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады.
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында “Үш тұғырлы тілді білу-
баянды болашақтың кепілі” деген болатын , сондықтан ана тіліміздің
абыройын асырып, мәртебесін үш тілде дамытайық. Бүгінгі «Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақ» атты сайсымыз аяқталды. Келгендеріңізге көптен-көп рахмет!
Қош сау болыңыздар!
До скорых встреч!
Dear guests and students our competition is over. Good bye!