"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған оқу бағдарламасына көшуде нәтижеге бағытталған білім беру

18.10.2017

Жаңартылған оқу бағдарламасына көшуде нәтижеге  бағытталған білім беру

   Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты- бастауыш

сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау

жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған

оқу бағдарламасының міндеттері:

     Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған

білім беру бағдарламасының құрылы­мымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу

ретімен, мазмұнымен және мақсат­тарымен таныстыру;

Бастауыш сынып пәндері бойынша

жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін

және қолдана білуін қамтамасыз ету;

      Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған

білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды

бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

Мұғалімдердің бойында орта

білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім

беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағ­дыларды қалыптастыру.

Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш

сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау

дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік

беру. Осы 4 дағдыға назар аудара отырып, тілдік дағдыларды жетілдіретін

жаттығуларды біртіндіп енгізу керек.

      Сабақтағы қалыптастырушы бағалау-мұғалімдерді,

оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру

үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалауы ( нәтижесі

баға ретінде тіркелмейді).

Бағалау

критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем,

негіздеме.

Дискриптор

- оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

Тапсырма

- оқушының құзыреттілік деңгейін (пәндік, тілдік ж\е т.б.) бағалауға мүмкіндік

беретін нақты жағдай.

Кері

байланыс - қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

      Сабақтың соңында мұғалімдерге

қалыптастырушы бағалауға байланысты алынған тәжірибені қалай таратуға болатыны

жөнінде талқылауға тапсырма беріледі. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының

маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып

табылады. Ол оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером

Брунер) моделіне негізделген. Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда

зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым

жатыр.Спиральді білім берудің негізгі ерекшелігі : әрбір қайталанып оқыған

сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы

біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан

қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп

отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға

қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; Оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол

жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

      Қорыта келе, қазіргі білімге

деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның мазмұны да жаңаша қарастырылып, білім

жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік

дағдылары ғана емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамытылатын түйінді

құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс деп ойлаймын.

 

   

Просмотров: 386

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст