Невский орта мектебінде «Мектепке жол»
акциясының өткізілуі бойынша анықтама
07.08-13.08.17ж.
Мектебіміз
бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым-балаларға көмек» ұранымен өткізілуде.
Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде
мектепішілік бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.
Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген
және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу
жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке
балалардың келмеуінің алдын алу.
2017 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шаралар жүзеге
асырылуда. Оның ішінде тұрмысы қолайсыз отбасыларын, мөлтек аудандарын тексеру
ұйымдастырылды.
Акция кезінде көпбалалы отбасылардың балалары қамтылды.
Мектеп директоры: Кожахметов Қ.Б.