Әдістемелік
нұсқаулар және оларды әзірлеуге қойылатын талаптар
Авторлық бағдарламаны педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған (олараға)
зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет еңгізілетін курсты, не автордың
дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама
мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру
проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама
эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы
құжат бойынша дәлелді болуы қажет.
Әдістемелік ұсыным – әдістемелік өнімнің кешенді түрі, жекелеген бұқаралық
іс-шараларды, әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізуді жоспарлау
жөніндегі ұсыныстарды, сценарий, баяндама, көрме және т.б. жоспарларын қамтиды.
Ұсынылған материалдың теориялық идеясы мен практикалық мүмкіндіктерін толықтай
жақсы түсінуге септігін тигізеді.
Әдістемелік
құрал – әдістемелік материалдың
кешенді түрі, ол қандай да болмасын оқыту курсының немесе балаларға қосымша
білім беру бағытының айрықша ерекшелігі мен әдісін, мәнін көрсететін жүйеленген
материалды қамтиды. Әдістемелік құрал, ережеге сәйкес, теориялық материалдан
өзге иллюстрация, сызба, диаграмма, сурет, сондай-ақ берілген тақырыпқа сай
жасалған құжаттар үлгісі түрінде кеңейтілген дидактикалық материалды да
көрсетеді.
Білім беру бағдарламасы – педагогтың қызмет
мақсатымен, шартымен, ресурстық жабдықталуымен, арнайы мазмұнымен, әдістерімен
және технологиясымен кепілдендірілген оң нәтижеге жететін тұжырымдамасын
айқындайтын нормативтік құжат. Бұл – білім алушының жеке білім алу бағыты, одан
өте келе ол, бағдарламаны әзірлеген педагог болжағандай, тәрбиеліліктің,
білімділіктің қандай да болмасын бір деңгейіне көтеріледі.
Жұмыс
дәптері – ерекше дидактикалық
аппаратты иеленген білім алушының пәнді меңгеру барысында өз бетінше атқарған
жұмысына ықпал ететін оқу құралы.