Невский орта
мектебінің жанындағы «Балауса» шағын орталығының
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тәрбиеші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі
мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
Тәрбиеші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні –
Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер
әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.
Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы
мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Сен
өмірдің көктемісің мәңгілік!
Тәрбиеші: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл
тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
(«Науырызым !» әні орындалады) балалармен
Тәрбиеші: Мереке қарсаңында қыздар «Қамажай» биін
билейік!
Тәрбиеші : Балалар тақпақ айту
Тәрбиеші :Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың
ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар.
Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері
арасынан қазылар тағайындалады). 1. Асық ойынынан жарыс 2.Орамал тастау. Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. Келді
Наурыз – жыл басы. Күлімдеп қарап күміс күн, Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы күні
Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы!