Тақырыбы: «Үйшік ертегісі»
Мақсаты : балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға, оларды 5 көлеміндегі сандарды санауға
жаттықтыру, геометриялық пішіндерді ажырату, атап айтуға үйрету. Түстерді
ажырата білуге үйрету. Ойлау қабілетін, тілін танымдық қызығушылығын, логикалық
ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Үйшік, Сиқырлы қоржынмен геометриялық пішіндер, гүлдердің
макеті сары,қызыл түсті.
Ұйымдастыру: Балалар
шаттық шеңберің жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Сәлем, сәлем Алтын
күн!
Сәлем, сәлем Жер- ана!
Сәлем, сәлем көк аспан!
Сәлем, менің достарым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
Мотивациялық
қозғаушы: Балалар, сендер ертегілерді ұнатасындар ғой. Қане «Үйшік»
ертегісін есімізге түсірейік.
Тәрбиеші
әңгімелейді: Алаңда бір үйшік тұр. Қасына қоян келіп сұрайды:
- Неткен
үйшік! Кімдікі бұл үйшік?