Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Инерцияны айыптау
Мақсаты:
а) білімділік: Инерция туралы түсінік беру,
инерцияның тұрмыс пен техникадағы маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушыларға күнделікті өмірде алған білімдерін қолдана
білуге дағдыландыру,өз ойын жеткізе білу,
білім-білік дағдыларын дамыту.
б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, ізденушілікке және
қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу..
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, арбаша,
балға, арбашалар мен жүктер, Галилей портреті. Сот үдерісі залын әзірлеу, киімі
Сыныптан тыс жұмыстың түрі: сот үдерісі сабағы
Сабақтың әдісі: аралас, сот түріндегі сабақ.
Пән аралық байланыс: математика, табиғат тану, биология, химия
Жүргізілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Слайд, презентация көрсету
«Инерция жайлы түсінік»
Мұғалім: Оқушылар адамдар инерцияны
опасыздық жасады деп әділ сотқа беріп, қылмыстық іс қозғау керек деп арыз
түсірді. Қазір соттың жүрісін тыңдайсыздар.
Хатшы:
Тұрыңыздар, сот келеді.
Сот: Отырыңыздар. басты сот талқылауын
ашық деп жариялаймын.
Сотталушылар:
Инерция бойынша қылмыстық ісі қаралады.
Сот: Хатшы,
осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғанын баяндаңыз.
Хатшы: Сот
үдерісіне қатысушылар: сот кеңесшілері, жәбірленушілер айыпталушы қылмыскерлер ,
айыптаушы (прокурор), қорғаушы (адвокат).
Сот: Бүгін Инерцияны айыптау туралы №1 істі қараймыз.
Оның айыбы мынада: инерцияның адамдарға көп опасыздық жасады. Сондықтан
куәгерлердің сөзін тыңдап, әділ жаза қолдануымыз керек. Айыпталушыны әкеліңдер.
/Екі сақшы инерцияны әкеледі./
Сот: Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның
оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқ па, соны сұрайды.
Қорғаушы:
Жәбірленушінің менің қорғаушыларымен таққан айыптарымен толық келіспейтінімді
мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру үшін айыпкерлердің өздеріне сөз берілуін
сұраймын.
Сот: Қазір
қылмыстық істі баяндаймыз. Сотталушылар, тұрыңыздар. Өздеріңізді
таныстырыңыздар.
Сот: Айыпталушы, сіздің фамилияңыз, аты жөніңіз?
Инерция:
Физикалық инерция.
Ата – анаңыз?
Инерция: Галилео Галилей, Исаак Ньютон.
Өмірбаяныңыз?
Инерция:
ертедегі грек ғалымы Аристотель денеге басқа дененің әрекеті тоқталғаннан соң
ол дене тыныштық күйге ұмытылады деді. Сондай – ақ тастың қолдан шығып
кеткеннен соң да қозғалысын тоқтатпайтыны сияқты мәселелерді түсіндіру қиын
болды.
Бұл сұраққа жауапты менің тууыма
байланысты Галилео Галилей берді, ал
кейінірек оны Исаак Ньютон нақты тұжырымдады.
Сот: Айыпталушыға сұрақ бар ма?
Бас
қорғаушы: мен инерция жайлы айтып өтсем және сізге сотқа сұрағым бар.
Сот: сөз
қорғаушыға беріледі.
Бас қорғаушы: Дененің
басқа денелер әрекет етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.
(Инерция – латын сөзі, ол «қозғалыссыздық, әрекетсіздік»
- деген мағына білдіреді.)
Инерттілік механикада механиканың 1ші
және 2-ші заңдары бойынша бейнеленетін материалдық дененің қасиеттері. Сыртқы
әсерлер бір-бірімен теңгерілсе немесе басқа денелер әсер етпегенде материалдық
денелер қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйін сақтайды. Осы заңдылық инерция
заңы. Демек бірін-бірі теңгермейтін күштер түскенде инерция салдарынан дененің
қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйі, яғни оның жылдамдығы кенеттен өзгермей
біртіндеп өзгереді.Инерция термині әртүрлі приборларға байланысты да
пайдаланылады. Италияның оқымыстысы Галилео Галилей зерттеді, ал 1678 жылы
Исаак Ньютон толықтырды. Сондықтан инерцияның ата – аналары Галилео Галилей мен
Исаак Ньютон сияқты атақты адамдар екенім ескеріле ме?
Сот:
барлық фактілер де ескеріледі.
Сот:
инерция болғанда сіз қандай денелерге тәнсіз, қолданылатын орныңыз?
Инерция:
Мен барлық денелерге тәнмін. Қолданылатын орыным: физика, техника, өмір.
Хатшы:
сотқа келген жедел хатты оқып береді.
1
жеделхат: «Мен ертедегі ойшылдардың бірі – Аристотельмін. Сот жұмысын дұрыс
емес деп есептеймін. Сіз қойған айыптың бірде –бірі Инерцияға тән емес.»
2
жеделхат: «Мен Галилео Галилей – орта
ғасырдың ұлы физигі. Кім табиғаттың құпиясын ашқысы келсе, оны өте
құрметтеймін. Сондықтан сіздерге өзімнің құрметімді білдіремін. Істеріңізге
сәттілік тілеймін!»
3
жеделхат: «Мен Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдарының
сіздерді де бейтарап қалдырмағанына қуаныштымын. айтыстан шындық
туындайды. Егер сіздер оны тапсаңдар, механиканың 1 – ші заңы –инерция заңы
ғажайып ғалымдар елінің сырын ашады.»
Сот: Жәбір көруші қоғам! Сот алдындағы айыпталушы
қылмыскерлердің сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз? /аты-жөні
сұралады./
1
– айыптаушы: Жүргізуші:
-
Мен, (физика оқулығына қол қойып тұрып ант етеді)
Бір адам жолды кесіп өте беріп еді, бұрылыстан шыға
келген машина оны қағып кетті. Машина инерцияның кесірінен тоқтай алмады.
Автобус тежегішін басқанда адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып,
бір-біріне соқтығысты. Бәріне
инерция кінәлі.
/аты-жөні
сұралады./
2
– айыптаушы: Спортшы:
-
Мен спортты өте
жақсы көремін . өткенде бір веложарыста велосипедші жолда жатқан тасқа
соқтығып, өзі ұшып кетті. Қалған
велосипедшілер инерцияның әсерінен тежей алмай, жол үстіндегі
велосипедке соқтықты. Сөйтіп, жарыс тоқтатылды. Бұл адам төзбес оқиға еді.
Сот:
сөз бас айыптаушыға беріледі.
Бас
айыптаушы:
-
Мен осы залда отырғандардың барлығын бұл іске
мұқият қарауын сұраймын. Осы айыптаушының кесірінен болған оқиғаларды еске
түсіріңдер. Сөйтіп, айыптаушыға тиісті
жазасын беріңіздер.
Сот: айыптаушы мен қорғаушыдан сот үдерісінде қаралып отырған
іске қатысты бар куәларды сот залына шақырылсын.
Сот: Жәбірленушілер, сіздер осы инерцияға қандай жаза
қолдануды қалайсыздар? нақты фактімен дәлелдеңіздер.
Хатшы: Сот алдына Куәгер бала: шақырылады.
Куәгер қыз:
- Анам
тәрелкемен сорпа әкелуді тапсырып еді, дастарханға қоя бергенде ол, инерцияның
әрекетінен төгіліп кетті де, дастарханды бүлдірді мен ұрыс естідім. Шын мәнінде
оған инерция кінәлі еді.
Хатшы: Сот алдына Куәгер жігіт шақырылады.
Куәгер жігіт:
- Тайып
жығылып, аяғым ілгері кетіп, ал өзім
инерцияның әрекетінен тез қозғала алмай аяғым сынды. Ауруханаға түстім.
Сот: Инерция тұрыңыз нақты сот құрамына сенесіз бе?
Сотталушылар:
(орындарынан тұрып) Сенемін.
Сот: Не
үшін айыпталып отырғандарыңызды білесіздер ме? Кінәларыңызды мойындайсыздар ма?
Инерция:
Жоқ, мойындамаймын.
Сот: Енді сөз инерцияға беріледі.
Инерция:
- Мен,
Ньютонның атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін.Егер жалған сөйлесем,
онда мені бүкіл физика заңдары мен Ньютонның заңдары ұрсын. Жеңешем кілем
тазалау жөніндегі тапсырмасын менің жәрдеміммен тап – тұйнақтай етіп орындап,
алғыс алды.
- Велосипедші жылдамдық алған соң, педальді аяғымен
айналдыруын тоқтатады. Ары қарай велосипед менің көмегіммен қозғалады.
- Спортшыларға ядроны неғұрлым алысқа лақтыруға менің
көмегі зор.
- Менің атам ағаш ұстасы. Ол балғаны сабымен жерге
ұрғанда, балға инерциямен қозғала отырып, өз сабына жақсы кіреді.
Сот: Жауап алып болды, енді сот талқылауына көшеміз. Айып
сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.
Бас айыптаушы:
- Құрметті сот! Қымбатты жолдастар! Инерция
артық заң, оны жоюымыз керек? Ол үнемі қиындық әкеледі. Мына отырған айыпкердің
кесірінен қаншама машина апатқа ұшырап, қаншама қайғылы оқиғалар болып жатыр,
сондықтан оған тиісті жазасын беруіміз керек.
Инерцияның қылмысы көрініп тұр емес пе? Бұл инерция бізге не істемеді.
Бұны жақтау дұрыс емес. Инерцияны құрту керек! Айтқан айыптарымның бәріне толық
дәлелдер, эксперт қорытындылары бар. /слайд көрсетеді/
Сот: Сотталушыларды соттау үшін сөз қорғаушыға беріледі.
Сот: Сөз бас қорғаушыға адвокатқа беріледі.
Бас қорғаушы:
- Біз инерцияның кемшілігінен гөрі пайдалы жағының басым
түсетіні үнемі назарға ұстау тиіспіз. өте жақсы жүргізуші инерцияның арқасында
бензинді үнемдейді. Жүріп келе жатқан транспорттың алдынан жолды кесіп өтуге
болмайды. Ол өте қауіпті, машина тежелгеннің өзінде тез тоқтай алмайды. Бұған
жол ережесін білмеген жаяу адам кінәлі.
Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы өте көп. Кілемді
таяқпен ұрғанда кілем орнынан қозғалады, ал шаң инерцияның әсерінен орнында
қалып қоймайды. Спортта секіру, лақтыру, жүгіру кезінде инерция дүние жүзілік
рекорд туғызады. Шын мәнінде инерцияға алғыс айтуымыз керек. Егер инерция
болмаса, барлық планеталар орбитасынан шығып кеткен болар еді. Ай Жерге, ал Жер
Күнге түскен болар еді.
Хатшы: Куәгерлердің сот алдында берген мәліметтер тек
шындыққа жанасуы керек. Мәліметтер жалған болып, сот үдерісіне кері әсерін
тигізген жағдайда Қылмыстық кодекстің 15-тарауының 352-бабының І тармағына
сәйкес (жалған мәлімет бергені үшін) айып тағылады немесе екі жылға дейін бас
бостандығынан айырылатыны ескертіледі.
Сот: Сот кеңесуге кетеді.
Сот: Екі жақты да жете тыңдап сот мынадай шешімге келді.
Сот: Тұрыңыздар, үкім жарияланады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 257
бабымен қылмыстық ісін қарады. Ашық сот
талқылауында қылмыстық іс инерцияны айыптауымен сотттың анықтағаны.
Инерцияның көлеңкелі жақтарын, табиғат заңдарын, оның
құпияларын жете зерттеп, оны адам игілігіне жаратуымыз керек. Сондықтан
инерцияны айыпты деп таба алмаймыз. Инерция толық ақталды.
Осымен сот мәжілісін жабық деп жариялаймын.
Мұғалім: Инерцияның пайдалы жақтарын ескеріп, оны қолдану аясын
кеңейту керек. Сондықтан физика заңдарын терең оқып үйреніп, оны адамзат үшін
кеңінен пайдалана білейік.