Музыка
ойнап тұрады.
Жүргізуші:
(жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар.
Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша
жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол
шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
2-жүргізуші:Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа
жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән
шырқайық
Осы кезде залға қарақшылар кіріп .бәрі айқайлап-шулап
келедіде шыршаны бір айналып
1-қарақшы
-ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы
ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата
қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге
кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз
деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.
Жүргізуші:
-Құрметті қарақшылар.Сіздер бұл жерде демала
алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып жатыр.Сіздер басқа жаққа барып
демалыңыздар.
Қарақшы
(ашуланып,атып тұрып)
-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке?
–Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?
(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)
-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін
жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп
барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік
.Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой
шіркін!
Бір оқушы ортаға
шығып:
-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана
жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір
сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар.Сосын мерекемізде болыңыздар.Аяз
ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!
Қарақшы:
-ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендер
бір әдемі өнерлеріңді көрсетіңдер.Біз ұйықтап алайық.
(Бәрі жатып әндерін айтқанда қорылдап ұйықтап кетеді.)
Жүргізуші:
Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ
-Аяз ата мен Ақша қар
-Ия Дұрыс Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына
қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесеке екен а. Аяз Атаны айқайлап
шақырмасақ келмейді ғой.Балалар не істейміз?
Залға
сиқыршы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы
жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?
Бала: Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар
келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай
жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.
Қарақшы
-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге
шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп
кәмпит бар деп айтқан
Жүргізуші: Жоқ, қарақшы ағай бұл аяз ата емес.Аяз ата
келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздеден қорқып айғайлай алмай тұрмыз
Қарақшы
-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?
-Бұл сиқыршы
Қарақшы:-Өй осындай сиқыршы бола ма екен (күледі)-Әй сен
рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,күміс берші.Жоқ бір
қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне
тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?
Сиқыршы:
-қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені
мен қайырымды сиқыршымын.Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кәне,
оданда мына балалардың тілегін орындайын.
Қарақшы:
-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді
орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )
Қарақшылар:
-тез тілегімізді орында
Сиқыршы:
-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің
тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)
Қарақшы босатады.
Сиқыршы:
абра –кадабра сим салабим ( 2рет)
Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!
Осы кезде қарақшылар күлімдеп :
-ООО қандай сүйкімді балалар!
Қандай әдемі балалар!
Киімдері сондай керемет екен!
Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып
мақтайды
Сосын бір-біріне қарап:
-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық ә?
Мейірімді қарақшылар бола ма екен О ғажап.Бірақ маған осындай мейірімді болған
ұнайды.Сендерге ше балалар?
-ӘЙ біз бір балалардың өнерін көрейікші ! (0-сынып
тақпақтар)
Жүргізуші:
-қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал
енді балалар Аяз атаны шақырайық ия!
Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы,
басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар
Мыстан
кемпір:
Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
«Төрге мені отырғыз!
Уф белім-ай
Жүргізуші
-балалар мынау кім?
-Мыстан кемпір
Жүргізуші:
-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін
киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша
мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір
рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне
биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім
келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол
сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне
балақан айтшы мені Аяз әже
деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)
Мыстан кемпір:
-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
Сиқыршы:
-Кәне мыстан кемпір мына Аяз атаның заттарын
қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.
Мыстан
кемпір
Мыстан к:
-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой бәрін алыңдар.
Ж:-
-Ал енді кәне аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
-Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар
Аяз ата:
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан
Ақша қар:
Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да
әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны
жағатын бала дайындау
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш
сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Шырша жанында ән.
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Маймыл (ескі жыл)
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Тауық жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Маймыл жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын.
Ақшақар:
Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз
ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап,
бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін
көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен
билерің болса, көрсетіңдер.
Әндер билер: 1-сынып орындауында би
2-сынып: ән
3-4 сыныптар: би
Аяз ата:
Ақша қар: өнерлерің керемет екен.
Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен
ойнайсыңдар ма
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма ,қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп
қатып қалуларың керек.
Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит
береді.
Бірнеше рет ойнау.
Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант
иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім
көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар
екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып
салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)
Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
1-қарақшы-ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы
ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата
қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге
кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз
деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.
Қарақшы (ашуланып,атып тұрып)-Сен кімсің өзі маған қарсы
шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?(деп
балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)
-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін
жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп
барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару Қарақшы:
Қарақшы:-ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды
келістік.Сендер бір әдемі өнерлеріңді көрсетіңдер.Біз ұйықтап алайық.
(Бәрі жатып әндерін айтқанда қорылдап ұйықтап кетеді.)
алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп
есінейді)
Қарақшы
-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге
шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп
кәмпит бар деп айтқан
Қарақш-Дұрыс-дұрыс
бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?
Қарақшы:-Өй
осындай сиқыршы бола ма екен (күледі)-Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы
болсаң маған 1 шелек алтын,күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина
толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына
қылышты көріп тұрсың ба?