Текст
"Тасшалқар ауылының ЖОББМ" КММ
25 желтоқсан күні мектебімізде «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты әсерлі және ұмытылмас ертеңгілік өтті. Бұл ерекше күнде 1-сынып оқушылары білім әлеміне алғашқы қадамдарын аяқтап, сүйікті Әліппемен қоштасып, «Ана тілі» оқулығына жол ашты. Балалардың өнері, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың еңбегі бір-бірімен үйлесім тауып, шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балақайларымызға алдағы білім жолында сәттілік тілейміз!
Бастауыш сынып мұғалімі: Унатхан Бердігүл.