Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын.
Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік елге айналуымыз керек. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін қажет екенін естен шығармайық. Әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық.
«Үштілділік - заман талабы» тақырыбында Невский орта мектебімізде аудандық семинар 06.03.2019 күні өтті. Мектебімізде үш тілдік бойынша курстан өткен мұғалімдер: Женисхан Аймангул- физика пәнінің мұғалімі, деңгейі B1. Самалхан Жансұлу информатика пәнінің мұғалімі, деңгейі В2. Асгат Катила- биология пәнінің мұғалімі, деңгейі С1. Курстарын өте жақсы деңгейде аяқтап келіп, аудандық семинарда ашық сабақтарын өткізді.
Физика пәнінің мұғалімі Женисхан Аймангүл 8 «а» сыныбымен «Amagnetis field permanent Magnets» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ өте жақсы өтті, сөйлеу мәнері өте жақсы, тәжірибесі мол екенін көрсетті, жаңа технологиялар пайдаланды, топтық жұмыс, критериалды бағалау түрлерін қолданды.
Информатика пәнінің мұғалімі Самалхан Жансұлу 5 «а» сыныбымен «My first program» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Жаңа бағдарлама бойынша сабақ өтті. Сабақта ұлттық нақышымыз киіз үйді пайдалана отырып, жетіспеген бөлігін табу арқылы сабақты қызықтыра түсті. Тапсырмалар нақты түсінікті, деңгейлік ерекшеліктеріне сай құрылған, критериалды бағалау түрлерін қолдана отырып
Биология пәнінің мұғалімі Асгат Катила 8 «а» сыныбымен «Types of bone connections» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті, оқушы жетістіктерін бағалауда асықты қолданған әдіс тәсілдер маған қатты ұнады.
Химия пәнінің мұғалімі Койчиева Лаура Батырбековна 8-9 «б» сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыс өткізді.
Аудандық білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Есимсейтова Рысты Айтмаганбетовна өз сөзінде:-Бүгінгі «Үштілділік - заман талабы» тақырыбында өткен семинардың бергені көп, ұйымдастырылуы өте жақсы. Мұғалімдердің тек жақсы жақтарын өзімізге алу, тәжірибе алмасу. Мұғалімдердің сабағында, жалпы жұмыстарынан көптеген әдістемелік көмек алуға болады. Үштілділік білім беру бағдарламасы бойынша қаншалықты игеріп жатқандарын көрсетті.
Қорыты айтқанда Невский орта мектебіндегі «Үштілділік - заман талабы» тақырыбында өткен аудандық семинар өте жақсы деңгейде, талапқа сай өткізілді деген шешім қабылданды.