Невский орта мектебінде 2018-2019 оқу жылы тамақтануды ұйымдастыру туралы
Оқушылардың өсіп отырған психоэмоциялық жүктемелері оқушылардың денсаулықтарын нығайту және сақтауды басты міндет етіп отыр. Невский орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында 1 қазаннан бастап жаңа мектеп пайдалануға берілгендіктен мектеп асханасы жұмыс жасай бастады.Жаппай біліммен қамту айлығы барысында ауыл көшелеріне рейдтер жүргізіліп, әртүрлі отбасы статусына байланысты оқушыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жағдайы төмен және жетім балалар жоқ. Бірінші сыныпқа баратын 9 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Тамақтану мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі және кестесі бойынша жүргізіледі. Ыстық тамақтың сапасы және ұйымдастырылуына бақылауды медбике , директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарлары жауаптандырылды. Тамақтану бойынша бракераждық комиссия құрылды.Оның құрамы төмендегідей:
бракераждық комиссияның төрағасы Кожахметов К.Б.;
Женихова Е.В.
Хибекей П.
Симанбаева М.К.
Асгат К.
Иманбаева Г.М.
Костенкова О.И.
Айдың аяғында мектеп комиссиясы және асхана өкілдерімен мектеп асханасын тексеру жүргізіп акт жасайды.Сонымен бірге, мектеп медбикесі Иманбаева Г.М. оқушылардың сабаққа келуі және тамақтануын қадағалап отырады.