Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылғы 4 – 17 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізуді ұсынуы бойынша «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның тұжырымдамасын негізге ала отырып, кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында мектебімізде 2019 жылы 4 – 17 сәуір аралығында арнайы құрылған жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
Ата-аналардың, бұқаралық ақпарат құралдарының балаға әлеуметтік желілерден келетін зиянды ақпараттардың теріс ықпалынан қорғау мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуға арналған «Интернет және біз», информатика пәні мұңғалімі Женісхан А. дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» атты ашық сабақ информатика пәні мұғалімі Самалхан Ж. өткізсе, «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» атты мектептік саптүзеу мектеп тәлімгері Амержанова А.А. өткізді.
Іс-шаралар туралы ақпараттар мектеп сайтында. Комитеттің Facebook әлеуметтік желісі парақшасындағы «Іс-шаралар» бөліміндегі «Қауіпсіз Интернет» атты парақшасында орналастырылды. Сыныптарда «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» атты сынып сағаттары өтті.
«Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы», «Интернет менің өмірімде», тақырыптарында плакаттар, буклеттер жасалды.
«Интернет: ия және жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» атты мектеп психологы Хасенова С.Б. тақырыптарында сауалнамалар, тренингтер өткізді
Жүргізілген іс-шараға ата-аналар, оқушылар белсене қатысты.
Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде ата-аналар мен балалардың, мұғалімдердің интернет сауаттылығы көтеріліп, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіру, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілік нысаны қалыптасты деп ойлаймыз. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өткізу жалғасын таппақ.