07.04.2022
"Тасшалқар ауылының ЖОББМ" КММ
Ғылым мен техника дамып адамзат қоғамы жаңа ғасырдың табалдырығына қадам басып отырған кезеңде оқушыларға белгілі көлемде білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды зерттеушілік бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осындай талаппен ұйымдастырылған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Тәрбие мен білім" кіші бағдарламасының "Табиғат бесігі" кіші жобасын жүзеге асыру аясында өткен "Табиғат - тіршілік көзі" аудандық экологиялық олимпиадасына қатысып, 6"а" сынып оқушысы Шарибат Арман жүлделі ІІ орынмен марапатталды.
Жас зерттеушімізді шын жүректен құттықтап, білім жолындағы алар белесі көп болсын деп тілейміз!
Жоба жетекшісі: Койчиева Л.Б.