Текст
Облыстық жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сынып білім алушылары арасында зияткерлік қозғалысты, танымдық қабілетті дамыту мақсатында Көкшетау қаласында 2022 жылы 14 желтоқсан күні «Қазақстан эрудиті» облыстық танымдық зияткерлік байқауы өтті.
Байқау 3 айналымнан тұрды. Онда қатысушылардың зеректігі, логикалық ойлау қабілеттері, және 5 пән бойынша білім деңгейі тексерілді.
Зияткерлік байқауға ауданымыздан Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің, 8 сынып білім алушысы Сайлаухан Нұрсая қатысып, белсене қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының мадақтамасымен марпатталып, білімін шыңдап қайтты.
Алда да білімі алушылардың байқауға қатысуы өз жалғасын таппақ.