Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің
«Шахмат» челленджісінің
өткізілуі жайында ақпарат
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспары негізінде және еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акцияға орай 2023 жылы 12 сәуірде сағат 12.00сағ-та білім алушылар мен мұғалімдер арасында оқу ісінің орынбасары және «Шахмат» ойыны үйірме жетекшісі Женисхан Аймангулдің жетекшілігімен мектепішілік шахмат челленджісі өткізілді.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Челлендждің міндеттері:
- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
- балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес екі команда арасындағы жарыс түрінде бірі – білім алушылар, екіншісі – педагогтер арасында рапид бақылау арқылы өтті.
Челленджге білім алушылар мен педагогтер белсене қатысты.
Әр тақтаның нәтижелері бойынша жеңімпаздар тобы анықталады.
Командалық есеп бойынша құрама командада 7 «А» сынып білім алушысы Ерболат Т. және Хизат Э. 1 орын иеленсе, дене тәрбиесі мұғалімі Ермаганбетов Н.Б. , Асгат К. 2 орын, 5 «А» сынып білім алушылары Айбат Ж., Нұрбақыт А. 3 орын иеленді.
Жеңімпаз командалар марапатталды.
Шахмат ойыны - ойлауды дамытудың тиімді құралы.
«Шахмат» ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қоя білу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.
Білім алушылардың танымдық, логикалық қасиеттерін арттыру мақсатында «Шахмат» челленджсін өткізу алда да өз жалғасын таппақ.
Мектеп директоры: Кожахметов К.Б.