27.02.2020
Невский орта мектебінің
«Ұлы Абай әлемі» атты мектепішілік
эссе жазу байқауының өткізілуі жайлы ақпарат
Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азмат пен азаматша етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы-парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек,Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн» деп президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткен болатын.
Осы орайда, мектепішілік жоспарға сәйкес, 2019 жылы 26 қаңтарда Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін,дамыту; ұлы Абай поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспешілікке, ізгілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын арттырып, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында ақпан айының 26 жұлдызында «Ұлы Абай әлемі» атты мектепішілік эссе жазу байқауы өтті.
9-11 сынып оқушылары Абай Құнабайұлының шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыптан (ұсынылған тақырыптардан таңдау) бір тақырыпты таңдап, эссе жазды.
Байқауға оқушылар белсене қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 9 а сынып оқушысы Серікбол Айдана 1 орын, Хосан Жеңісгүл 2 орын Манатхан Аружан 3 орын , иеленді. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Оқушылардың шығармашылығын арттыруға байланысты іс-шаралар өткізу алда да өз жалғасын таппақ.