11.03.2020
Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға қалыптастыру мақсатында оқушыларымыз аудандық, облыстық республикалық танымдық ойындарына қатысып отырады. Осы орайда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дарын интеллектуальдық марафонына мектебімізден 13 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орын иеленді. Атап айтар болсақ, 3 «а,б» сынып оқушылары Тлейхан Ж., Еграшкина К., 4 «А» сынып оқушысы Бабай Ұ. 3 орын, Шарибат А. 2 орын,
5 «А» сынып оқушысы Хуанган Н. ,8 «А» сынып оқушысы Володя Ж. 3 орын иеленді.
Алда да дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына, интеллектуальдық марафондарға қатыстыру өз жалғасын таппақ.