"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада

26.01.2024

Ауыл олимпиадасы

      2023 жылдың қараша айында ауылдың дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау және нығайту мақсатында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталған болатын.     

     Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада - бұл ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды анықтауға көмектесетін және олардың зерделі әлеуетін іске асыруға қолдау білдіретін бірегей жоба.

    Алғаш рет өткізілсе де, байқау еліміздің бастапқы кезеңге 80 мыңнан астам оқушысына олимпиадалық қозғалысқа қатысуға мүмкіндік берді.

   Ауыл олимпиадасына мектебімізден барлығы 12 оқушы белсене қатысып, 9 «а» сынып оқушысы    Қазбек Қ. информатика пәні бойынша , 11 «б» сынып оқушысы Азмаганов Ж.А.  химия пәні  бойынша  Щучинск қаласында өткен олимпиаданың 2 кезеңіне қатысты.

 

           Екінші кезеңде 25 мыңнан астам мектеп оқушылары жарысты. Олимпиада жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың 13 пәні бойынша үш кезеңде өтті.  

Іс-шараны Оқу-ағарту министрлігі және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

    Елордада қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада аяқталып, жүлдегерлер белгілі болды.

  Қорытынды кезеңге барлығы 500-ге жуық оқушы қатысты. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бірінші республикалық олимпиадада еліміздің шалғай жерлерінен келген 165 бала жеңімпаз атанды. Олар 83 қола, 49 күміс және 33 алтын жүлдені жеңіп алды.

Олимпиадаға қатысу алда да өз жалғасын таппақ.

Просмотров: 1590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст