Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2024 жылдың 6 ақпанда жас ұстаздар арасында «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.
Комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игерулерін, коммуникативтіліктері мен мамандығы туралы ойының қалыптасу деңгейлерін бағалады.
Комиссия шешімі бойынша олимпиада жеңімпаздары анықталды:
І орын- Койшебаева Зарина Сериковна, бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын- Жүнүс Ербол Қайратұлы, химия пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Мырзахали Кербулан информатика пәнінің мұғалімі.
Аудандық кезеңнің 2 жеңімпазы Облыстық педагогикалық олимпиаданың ережесі негізінде облыстық олимпиадада Біржан сал ауданының намысын қорғау үшін жолданады.
Облыстық педагогикалық олимпиадаға қатысушы жас ұстаздарымызға жеңіс тілейміз!