Текст
Наурыздың 15 күні Донской ауылдық огругінің әкімі Муканов Танат Талгатович «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «QH Жаздық жолдама -2024» қайырымдылық жобасы бойынша Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Кожахметов Кайрат Балтабайұлына 4 оқушыға арналған жаздық лагерьге тегін жолдама табыс етті. Бұл жобаға 5-8 сыныптағы үздік оқушылар, сонымен қатар мектептің қоғамдық және мәдени өмірінде белсенділік танытқан оқушылар қатыса алады.Осындай игі істер саны арта берсін!
#qazaqstanhalqyna
#oqu_agartu_ministrligi