"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

4 сәуір күні Көкшетаудағы Болашақ сарайында Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген 46 команданың басын қосқан робототехника мен бағдарламалаудан R:ED Fest облыстық жарысы өтті.

09.04.2024

4 сәуір күні Көкшетаудағы Болашақ сарайында Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген 46 команданың басын қосқан робототехника мен бағдарламалаудан R:ED Fest облыстық жарысы өтті. 7-17 жас аралығындағы қатысушылар үш санатта, атап айтса, сумо, сызық және шығармашылық сайыста сынға түсіп, өз роботтарының қабілеттерін көрсетті. 🤖
Жарыс Ақмола облысы білім беру басқармасы мен Болашақ сарайы қолдауымен өткізілді. Бұл сайыс балалардың робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін паш етулеріне көмектескен инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мейрамына айналды.

Біржан сал ауданы Тасшалқар орта мектебінің атынан 3 номинация бойынша 4 оқушы қатысты. Серік Нұрлан, Байтан Сұңқарбек 1 орын үшін дипломымен марапатталды. Борисов Никита , Кеңес Серікжан қатысушы дипломымен марапатталды.

Облыстық ашық фестивальға дайындық үшін тәлімгер Мырзахали Кербуланға алғыс хат берілді

 

Просмотров: 1808


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст