2024 жылдың 4 мамырында Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына және және мектептің даму жоспарына Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында LESSON STUDY әдісін пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өтті .
Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Есимсеитова Р. А. әдіскерлер Натиева Д. К. , Искакова Г.А. және аудан мектептерінің мектеп директорларының орынбасарлары , жас мамандары мен және мектеп мұғалімдері қатысты.
Семинарда алғашқы сөзді мектеп директоры Кожахметов К.Б. мектеп, семинар жайлы ақпаратпен хабардар етті.
“Lesson Studу мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы” тақырыбында педагог зерттеуші мұғалім Дюсембаев Улболсын Каиркешовна ұстаздарға коучинг өткізсе, тарих пәнінің мұғалімі Маухан Ардагүл 6 «А» сыныбына тарих пәнінен «Тәуке ханның тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі” география пәнінің мұғалімі Садвакасова А.Б. 4 “Б” сыныбында “Малые космические тела” , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Заркымова С.К. 4 “А” сыныбында “Одағай сөздер” , ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Коровина О.С. 4 “Б” сыныбында “Slow Machines Past Simple” тақырыбында Lesson Study бойынша зерттеу ашық сабақтарын өткізді.
Мұғалімдерге жағымды көңіл-күй орнату мақсатында мектеп психологі Хасенова С.Б. психологиялық тренинг өткізсе, көңілді музыкалық үзіліс ұйымдастырылып, ары қарай дөңгелек үстелде тәжірибе алмасу жалғасып азғантай еңбек жолында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандар Мырзахали К., Жүнүс Е.Қ., Койшебаева З.С. өз тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеу тобы мүшелері өткізген зерттеу сабақтарына арнайы рефлексиялық есеп беріп таныстырса, оқу ісінің орынбасары Женисхан А. баяндама жасады.
Семинарға келген ұстаздар мектебімізде өткен семинардан әдістемелік көмек алып, кәсіби қоржындарын толықтыра түскенін айтып, кері байланыстарын ұсынды.
Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі семинарға қорытынды жасап, Есимсеитова Рысты Айтмаганбетовна аудандық семинардың жоғары деңгейде өткізуге жағдай жасалғанын айтып, аудандық Білім бөлімі басшысы атынан білікті мектеп басшысы Кожахметов Кайрат Балтабаевич бастаған мектеп ұжымын алғыс хатпен, тәжірибе алмасқан ұстаздарды сертификатпен марапаттады.
Мұғалім өз кәсіби құзіреттілігін дамыту үшін үнемі ізденіп, сынып деңгейіне, оқушылардың жетістік деңгейіне, қолданатын әдіс-тәсілдеріне тұрақты зерттеу жүргізіп отыру керек.
«Lesson Study» бойынша зерттеу сабақтарын өткізу тәжірибе алмасу алда да өз жалғасын таппақ.