Текст
Тасшалкар ауылының ЖОБМ 25 мамыр салтанатты түрде соңғы қоңырау мерекесі өтті. Аталған іс- шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиында мектеп түлектері өз ұстаздарына жылы лебіздерімен алғыстарын білдірді. Осы мерекеге ауданнан қонақтар да қатысты: Біржан сал ауданының Жер қатынастары бөлімінің басшысы Мамиков Бектас Оренханұлы және Білім бөлімінің әдіскері Натиев Алибек Сағындықұлы. Мерекені түлектер соңғы мектеп вальсімен аяқтады. Алда оларды мемлекеттік емтихан және ҰБТ күтуде. Түлектерге сәттілік тілейміз.