"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана –өмірдің шуағы»

07.03.2018

Тақырыбы:«Ана

–өмірдің шуағы» Аналар күніне арналған мектепішілік мерекенің әзірлемесі

 Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып

тұрады.

Ерболат Бекжан

Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады

Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым

ылғи сөз басына.

 Тәңірім кеше

көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер

 Құба талдан

иілген бесігімді… (Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып екі

жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші: Марат Армысыздар,

аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға

күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп

жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен

нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен

даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!

 2-жүргізуші:

1-жүргізуші: Марат

Шалқып, тасып

әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені

құттықтап, Әндетеміз бәріміз. Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «                 »            қол соғып қошеметтеп қарсы

алыңыздар.

2-жүргізуші:

1-жүргізуші: Марат: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен

берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,

асыл анам,

Сонда біз кісілікке

теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады. 6 сынып

2-жүргізуші:

1-жүргізуші: Марат:  Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті

күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай

... оқушымыздың орындауындағы «                             қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

 

1-жүргізуші:

Марат: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі,

қимылсыз билеп,

Иықтан шашып,

төгіліп жерге,

Күмісті шашбау,

жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған

бишілерге береміз.

 

1-жүргізуші: Марат: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен

қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының

перзенттері.

Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

 Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың

аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде

қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына

қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: 

 1-жүргізуші: Марат Талай ренжітсек те, еркелігімізді

көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар

алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды

әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Ендеше жас

журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл

алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды).

1. Мектептегі ең

сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз

мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы

мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің

ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5.

Өлең айтып бере аласыз ба?

6.

Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7.

Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8.

8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9.

Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз

бе?

10.

Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

2-жүргізуші: 

1-жүргізуші:

Марат:

Десек те уақытпен жарыспайды,

 Қиялға

қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,

 сыныптастарымыздың орындауында                                                                         ұсынамыз.

1-жүргізуші: Марат:  Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен

келген бүгін.

Таң қалдырып,

қанекей би билеші,

 Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп

кезекті  ... сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

 

2-жүргізуші: 

1-жүргізуші: Марат «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу

ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы,

қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

2-жүргізуші: 

1-жүргізуші: Марат:

 Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған.

 Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай

құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі

ана деген сөзбен астасып жатыр.

2-жүргізуші: 

1-жүргізуші: Марат: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз

жерге таяп қалды.

Қош болып

тұрыңыздар көріскенше

 Осымен концертіміз аяқталды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Просмотров: 358

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст