"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында 1 қыркүйек- Білім күніне арналған салтанатты жиынның өтуі туралы мәлімет.

02.09.2024

Мектепте «1қыркүйек - Білім күні» салтанатты жиыны өткізілді. Жиын сағат 10.00-де басталды.

Салтанатты жиын   қонақтары:Біржан сал ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Таженова Мадина Толегеновна мен Біржан сал ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Абишев Даурен Куанышбаевич.

Жиын Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалуымен басталды. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Кожахметов К.Б. берілді. Өз сөзінде мектеп директоры былтырғы оқу жылының нәтижесіне тоқталып, келген оқу жылында оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар,салтанатты жиын қонақтарына, ата-аналарға құттықтау сөз кезегі берілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған білім алушылар құрметіне шашау шашылды.

ДОІЖО  Женисхан А. құттықтап, оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырып өтті.

 

Соңғы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 11-сынып оқушысы Жумагулов Жеңіс пен 1-сынып оқушысы Кеңес Әйгерімге берілді. Салтанатты жиында 1 сынып бүлдіршіндеріне сөз кезегі берілді. Өлеңдер оқып, ән шырқады.

Салтанатты жиын соңында 1 сынып бүлдіршіндерін қошеметпен алғашқы сабақтырына жшығарып салды. Білім күні көтеріңкі көңілде, салтанатты өтті.

          

         

 

 

Просмотров: 587


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст