«Алтын сақа» олимпиадасы
Математика саласында қабілетті балаларды анықтау;
Дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылымға баулу
мақсатында «ZERDELI» Ақыл ой дамыту орталығы ұйымдастырған 5-6 сыныптарға арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі 2024 жылы 01 қазан күні өтті.
«ZERDELI» Ақыл ой дамыту орталығынан жіберілген арнайы тапсырмаларды орындады.
Жұмыстарды мектептен құрылған әділ-қазы алқасы тексерді.
Мектепішіілк олимпиада қорытындысы бойынша 5 сыныптар бойынша оқу тілі орысша 5 «б» сынып білім алушысы Коровина Виктория 1 орын, оқу тілі қазақша 5 «а» сынып білім алушысы Самалхан Жүніс 2 орын, Володия Меруерт 3 орын, 6 сыныптар бойынша оқу тілі қазақша 6 «а» сынып білім алушысы Хуаныш Жансая 2 орын, Әмірхан Мұстафа 3 орын, иеленді.
Жеңімпаз білім алушылар алда аудандық кезеңге қатысады.
Сәттілік тілейміз!