Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018
10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына
Жолдауын Невский ОМ ұжымында талдау бойынша жүргізілген жұмыс бойынша
ақпарат
Невский ОМ
ұжымында 13-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 10-қаңтардағы «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы
Қазақстан халқына Жолдауы талданды. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы
тың жаңалықтарға толы болатыны бізге мәлім. Еліміз 2030-ші жылға дейінгі ұзақ
мерзімді Дамуы стратегиясы жүзеге асырылуда, Конституциялық реформаны жүзеге
асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастағандыңын, рухани жаңғыру бағыты бойынша
кешенді іс- шара жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Биылда жолдауында жүзеге
асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғандығын
атап өтті. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты. Білім
жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына экономика қажеттіліктеріне
жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керектігін, оқу
бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайтадан оқыған мұғалімдердің
лауазымдық жалақысы дәлелдеген бідіктілігіне байланысты 30 пайыздан 50 пайызға
өсетіндігін айтты. Елбасының Жолдауындағы мұғалімінің мәртебесін көтеру
керектігі, ұстаздар біздін шәкірт тәрбиелеудегі еңбегіміздің елеусіз
қалмайтындығының айқындығы. Жолдауды
ұжым болып жақсы қабылдады және оның іске асуына өз жоспарларын әзірледі. Жолдау
бойынша сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мектептегі стенд жаңартылып
мектеп сайттарына мұғалімдердің
пікірлері жарияланды.
Мектеп директоры: Кожахметов Қ.Б.