Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы
Невский орта мектебі
Эссе
Тақырыбы:«Елбасы сенімі-ел сенімі»
Тәрбие ісінің орынбасары:
Хибекей Пэрнегуль
«Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын»
Н. Ә.Назарбаев
Қазақстан
тәуелсіздік алғанына көп болмағанымен, оның тарихы тереңінен бастау алады. Ел
егемендігін алғанда атамекеннің топырағын құшу біз үшін, бала болсақ та, арман
еді-ау…
Бала кезімнен
кеудемде бір сағыныштың бары анық-ты. Ол – атамекенге, Отанға, байтақ далама
деген сағыныш, аңсау екенін 12 жасқа келіп ес жинап қалған мен де сезетінмін.
Сондай бір сезімдер кеуде тұсын кернейтін кездері әсіресе анам халық әндерін
ыңылдап айтқан кезде болатын.Анамның осы
«ыңылын» тұлымшағы желбіреп жүрген қыз
жақсы көретін, тыңдай бергісі келетін. Кейде анам «Қаратаудың басынан
көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…» деп ыңылдағанда көкейімде бала
болсам да сұрақтар тұратын. Анамның айтуы бойынша Қазақ жері ұлан байтақ дала,
өрісте жайылып жүрген төрт түлік мал, жайқалған гүл, шөп, тал-дарақ…
Әлі есімде «Ел көшкенде» әні шыққанда
бәріміз жаттап алып айтатынбыз. Ел тәуелсіздігін алып, егемендігін жария
еткенде шетте жүрген біздер бауырларымыз атамекенге ағыла бастадық. «Ел көшін
бастау – маған сын, мені қостау – елге сын» деген Президентіміздің сөзін
ту еткен қандастарымыз елге қайта оралу үдерісін бастады.
Тәуелсіздіктің
арқасында ұлт ретінде түгенделіп жатырмыз. Қазақ жеріндегі және сырт елдерге
кеткен қазақтардың рухы, салты, тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тарихы
біртұтастанып, байытыла толығып жатыр. Атажұртқа
қайта оралған қазақтар республиканыӊ қазақ тұрғындарыныӊ 10% құрайды. Қазақтардыӊ Атамекенге оралуы елдегі қазақ саныныӊ табиғи саныныӊ және олардыӊ өсім салмағыныӊ артуына ықпал етті. Өз отанында басы біріккен қазақ сан жағынан көбейіп,
сапасы жағынан дамудың жаңа сатысына аяқ басуда. Бұл тарих таразысының
әділдігінің және қазақ халқының өміршеңдігінің дәлелі. Әділдігі – шетелге
қашуға мәжбүр болып, төрткүл дүниеге тарыдай шашыраған қазақтың өз отанына
қайта оралуында. Өміршеңдігі – «мың өліп, мың тірілген» қазақтың жаңа сапалық,
сандық өлшемге жетіп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дамуында.
Сан ғасырға
созылған отаршылдықтың бұғауынан босанып, қысқа мерзім ішінде айдай әлемге
әйгілі болды. Қазір Қазақстан деген елді жер бетіне тарыдай шашылған қазақтар
ғана емес, күллі әлем таниды. Беделін сыйлайды, атын құрметтейді. Өйткені, текті
бабамыздан туған біз, қазақтар, Елбасының сарабдал саясатының арқасында сонау
1991 жылдың жазында Атамекенге оралдық. Аяғымыздан тік тұрып, көш басындағы елу
мемлекеттің қатарына іліктік.
Еліміз
Егемендік алғаннан бері, халқымызда үлкен серпіліс, қуат пайда болды. Аяғымызға
нық тұрып, бірлігі жарасқан, берекелі, егеменді елге айналдық. Мұндай нәтижеге
қол жеткізу жолында халқымызға бағыт-бағдар
беріп, осы күнге дейін елеулі жетістіктерге жетелеп келе жатқан жалғыз
адам-Елбасымыз. Жыл сайыңғы жолдауында әртүрлі мәселеге көңіл бөліп, жасалған
жоспарының іске асуы жолында тері төгіп келеді. Соның арқасында біз
болашағымызға жарқын көзбен қарап, алға қарай нық сеніммен қадам баса алатындай
болдық. Біздің Елбасымыз қайтпас қайсарлықпен, мұқалмас жігермен жан-жақты
сарабдал саясат жүргізе білгендігінің арқасында еліміздің іргесі одан әрі нығая
түсті.Қазіргі Қазақстан Егеменді, демократиялылық, зайырлы, әлеуметтік
мемлекет.
Елбасымыз-
дана адам. Біздің Ата Заңымыз-Тәуелсіздіктің негізгі нышандарының бірі. Көшбасшымыздың
көреген саясатымен еліміздің мемлекеттік рәміздері жасалды. Ту, Елтаңба және Әнұран-Егемендікті,
бостандықты, Тәуелсіздікті айғақтайды. Тәуелсіздік-бұл бүгіңгі өмір ғана емес,
сонымен қатар, ертеңгі өміріміздің жарқын бейнесі.
Жас мемлекет
болсақ та, Елбасымыз 2030 Стратегиясын құруы аясында осы жылға дейін дамыған 30
елдің құрамына кіреміз, әлем Барысына айналамыз деген едік. Ол күнге де жеттік.
Бүгінде біздің елді күллі әлем таниды десек болады. Оған дәлел 3 ай
бойы әлем халқы тамашалаған EXSPO -2017 көрмесі. Бұл көрмеге 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені
тамашалауға 3 млн адам келді. Астанадағы
EXSPO -2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия
аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмелермен
тең дәрежеде өтті десек қателеспейміз. Мұндай ауқымды шараны еліміздің
астанасында өткізу туралы бастаманы да көтерген Елбасымыз. Елімізде болып
жатқан кез келген ауқымды іс-шараны ұйымдастыру Елбасының бастамасы, елге
сенімнің нәтижесінде іске асып жатқаны белгілі.
Елбасымыздың ең әуелі сенімі артары жастар.
Оны Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір сөйлеген сөзінде айтып отырады. Жастарға
мүмкіндікті қолынан келгенше жасап жатыр. Бүгінде Болашақ бағдарламасы арқылы
көптеген жастарымыз шетелдік жоғары оқу орнында білім алуда. Ондағы Елбасының
мақсаты айқын. Дамыған мемлекеттерден білім алған жастар қазақ елін көркейту
жолында ат салысады деп сенеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан
«Болашаққа бағдар-ұлттық жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын
қолға алуды ұсынды. Елбасы «Туған жер»
бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатынына сенім
білдірді. "Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің
тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен
өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай
аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая
болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас
ұрпақ біліп өсуге тиіс", деді ол. Осы бағдарлама арқылы
болашақ ұрпақты туған жерге, оның мәдениеті мен
салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбиені
санасына сіңіретініміз анық. Мен жастайымнан ұстаз болуды армандадым.
Бабам туған байтақ даламда өсіп, еңбек етсем деп армандайтын едім. Сол арманның
жетегімен жолым болып, бала күнгі арманының алғашқы баспалдағына аяқ бастым. Біз
ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда-тәуелсіздіктің көк Туы,
Елтаңбамызда-бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға
апарар қанатты пырақтарымыз бар. Үлкен жолдың үстінде бізді ата- бабаларымыздың
аруағы желеп- жебеп жүре берсін.Сондықтан қазақ халқы Елбасы сенімін ақтап,
еліміздің алға баса беруіне өз үлестерін аямасы анық. Бірлігі жарасқан, Елбасы
сенімін ақтар ұлы ел бола берейік.