Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың
көгерсің!
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан
басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына
көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса
отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін
таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын
арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,кілт
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын
танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің
ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін
бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты
әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның
ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып,
қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 а сыныбын ортамызға! ( музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді )
Мұғалім: