«ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2017»
Шығармашылықпен жұмыс істейтін ой өрісі кең, парасатты өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми –әдістемелік
шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны
анықтау, мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру, озық
педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау, тарату және аудандық кезеңге іріктеу
мақсатында мектепішілік «ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2017» байқауы сәуірдің бірінші аптасында өткізілетіні хабарланды.
Байқауды өткізу ұйымдастыру-әдістемелік
қамту үшін төрағасы, орынбасары және мүшелерінен тұратын ұйымдастыру комитеті
құрылып, номинациялар бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапатау
сыйлықтарын дайындауды кәсіподақ ұйымы төрағасы Т.В.Еграшкинға, байқауды
жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу - әдістемелік қамтуды директордың
оқу–тәрбие ісінің орынбасарлары Женисхан
А. , Е.В. Женихова, П.Хибекейге
жүктелді.