Күні: 26.01.17 Сынып: 8 «а» Пәні: қазақ әдебиеті |
Қатысқандар саны: 6 Қатыспағандар саны: - | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Т. Ізтілеуов. «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» өлеңдері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Т. Ізтілеуовтың өмірбаяны, қызметі туралы түсініп, өлеңдерінің мағынасын білу арқылы сабаққа қызғушылықтарын арттыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Т. Ізтілеуовтың портреті, флипчарт, маркерлер, интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, топтастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал Шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Оқушыларды шеңберге тұрғызу, тілектер айтқызу.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы Диалог Білу
|
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. 1.Тұрмағанбет Ізтілеуұлы қашан, қай өлкеде дүниеге келген? (1882-1939, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген) 2.Ақын шығармаларының тақырыптары қандай? («Қара қоңыз мысал өлеңі, «Мәрді дихан» атты тұңғыш мысал өлеңі, «Адамдық іс», Арқаңның ауруы не қозбайтұғын). 3. «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» өлеңдерінде не туралы айтылған? «Адамдық іс» өлеңінде бай адамның жарлы адамның әлдеқайда артық екендігі айтылған және бұл өлеңде «Төртеу түгел – түгел төрге шығар!» деп ата – бабамыз төрт көзіміз түгел болып бір іске бәріміз жұмыла ат салысайық, жемісін.көрейік делінген, «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын»,- өлеңінің мағынасы «Ақыл-тозбайтын тон, ғылым таусылмайтын кен» демекші ақын ақыл мен білімнің адам өміріндегі пайдасының зор екендігін айтқан. Сонымен қатар бұл өлеңде өнер мен білімге уақыт бөліп, онымен айналыс делінген. 4.Ақын адамдық іске нені жатқызады? (Қайырымдылық, бірлік, татулық) 5. «Адамдық іс» өлеңінде адам бойындағы қандай қасиеттерді дәріптейді? (Қайырымдылық пен өркөкірек, білім-ғылым) 6. «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» өлеңінің тақырыбы қандай? (Арқаңның ауруы не қозбайтұғын). |
Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсіну Топтсатыру |
1.Ақынның өмірбаяны және неліктен шығыс ақындарының шығармаларын аударуды мақсат етті? 2.Ақынның шығармалары және шығармашылығының ерекшелігі неде? флипчарт беріледі |
Флипчарт арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы флипчарт арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдану
|
Өлеңдерден нақыл сөздерді теріп жазады. |
Оқушылар, өлеңдерден нақыл сөздерді теріп жазады, айтады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау Деңгейлік тапсырмалар |
Әр оқушығы тапсырмалар беріледі. Венн диаграммасы («Адамдық іс, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» өлеңдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын жазады) 5 жолды өлең зат есім 1, сын есім 2, 3 етістік, 4 сөзден тұратын бір сөйлем. Сәйкестендіру тест
|
Оқушылар, деңгейлік тапсырмаларды парақшаларға орындап, ортада айтып талдайды
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті
|
Музыкалық қимыл қозғалыс арқылы сергіту сәті орындайды.
|
Сергіту сәтін орындайды.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жинақтау |
Оқушыларға тест орындауға беріледі.
|
Тест тапсырмаларын орындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау
|
«Білім-инемен құдық қазғандай» эссе жазуға беріледі.
|
«Білім-инемен құдық қазғандай» тақырыбында эссе жазады, бір-бірін бағалайды.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма |
Т. Ізтілеуовтың өмірбаяны135 бет оқу, өлеңдерін жаттау 136-137 бет |
Интерактивті тақта, күнделік. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Мұғалімнің бағалауы
Жақсы 5 ұпай Орта 3 ұпай Жарты 2 ұпай
16-25 «5» 12-15 «4» 6- 8 «3» 5-7 «сынақ» |
Күнделіктеріне бағаларын қойғызады.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс |
«Бас бармақ»
|
Оқушылар сабақтың қалай өткендігі туралы кері байланыс арқылы көрсетеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||