Сыныптан тыс жұмыс «Математикалық пирамида»
ойыны
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын,
жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру;
дамытушылық: белсенділігін дамыту,
ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, математикалық сұрақтарға
мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты
дамыту;
тәрбиелік: тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, өз
бетімен жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын
еркін айта білуге тәрбиелеу;
Сағаттың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сағаттың жоспары:
1 — қадам «Есте сақтайық»
2– қадам «Математикалық термин құрастыру»
3 – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ
4-қадам – «Тарихи зал»
5-қадам – «Оқу залы»
6-қадам – «Кім жылдам ?»
7-қадам– Жеңімпазды анықтау
Сабақтың жүрісі:
1-қадам. «Есте сақтайық»
Оқушыларға слайдтан 15 түрлі зат
көрсетіледі. Оқушылар ол заттарға 1 минут
қарайды. Содан соң слайдты жауып қоямын.
Оқушылар қандай зат көргенін параққа жаза
бастайды. Осы он бес затты дұрыс тапқан
оқушы екінші айналымға өтеді. Қалған
оқушылар көрермен болып қалады.
2-қадам. «Математикалық термин құрастыру» :
Слайдтасөздер жазылады. Оқушылар осы
сөздерден математикалық термин құрастырады.
Сөздерді дұрыс құрастырған оқушылар келесі
айналымға өтеді.
·
Им-нус (минус)
·
Ме-диа-тр (диаметр)
·
Аки-тем-фира (арифметика)
·
Рапь-ла-лел (параллель)
·
Лөк-беш (бөлшек)
3-қадам. «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ:
Оқушылар математикалық сөзжұмбақтар шешеді.
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап.
Жыл, ай, тәулік, күн
мен түн
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын
да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында Сызғыш
Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз Цифр
Мені көрде — жерді көр,
Қозғалыстың көкесі.
Айналыстан туады,
Планеталар бір-бірін,
Шыр айнала қуады. Шеңбер
4-қадам. Оқу залы
·
Жанұяда 4 ұл
және әр баланың бір әпексі бар.
Жанұяда неше бала бар? 5
·
2 оқушы
тоғызқұмалақты 4 сағат ойнайды. Оның әрқайсысы
неше сағат ойнайды? 4 сағат
·
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 0
·
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800
·
Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
·
1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік
·
1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
·
Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата,
әке, бала болса)
·
2-нің 6 дәрежесі. 64
·
Екі қатынастың теңдігі пропорция
·
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
·
Ең кіші жай санды атаңыз 2
5-қадам. Ойлан тап!
Сандардың
орналасу заңдылығын анықтау керек және сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қою
керек.
7-қадам. Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.